Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жалаңтөс батыр 2» мазарында тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбы аясында өткен сенбілікке «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы бастаған
мешіт дін қызметкерлері, аймақ жамағаты және еріктілер белсене қатысты.
Жиналған жұрт алдымен ата-баба рухына Құран бағыштап, дұға жасады.
Сенбілік аясында зират маңы қоқыстан тазартылып, қоршаулар ретке келтірілді.
Ислам шариғатында қайтыс болған мұсылманға құрметпен қарау – үлкен сауапты амал. Қабірлерді күтіп-баптау – марқұмға тағзым етудің, өткенге құрмет білдірудің жарқын үлгісі.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі