Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің әйелдер жамағаты қасиетті Мәуліт айының құрметіне арналған рухани кеште бас қосты.
Кеш барысында мешіт ұстазы Фатима Аманболдықызы жамағатты Мәуліт айымен құттықтап, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі жайлы насихат айтты. Шарада Мәуліт оқылып, хатым дұғасы жасалды.
Сонымен қатар, сира пәні бойынша сауалдар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар тарту етілді. Жамағат рухани кештен ерекше әсер алып, берекелі жиынға ризашылықтарын білдірді.