Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде сенбілік жұмыстары жүргізілді
Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде сенбілік жұмыстары жүргізілді
Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде сенбілік ұйымдастырылды.

Шара барысында мешіт ауласы күл-қоқыстан тазарьу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қыс маусымына дайындық мақсатында бірқатар шаруалар атқарылды.

Мешіт имамы мен жамағат өкілдері бұл сенбіліктің негізгі мақсаты – Алланың үйін таза ұстау, жамағатқа қолайлы жағдай жасау және ортақ жауапкершілікті арттыру екенін атап өтті.

Жамағат мұндай іс-шаралардың мешіт өмірінде дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқанын және алдағы уақытта да бірлесіп атсалыса беретіндерін жеткізді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz