Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен аудандық зират қорымында сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Игі іске аймақ жамағаты белсене атсалысып, қорым аумағын күл-қоқыстан тазартып, айналасын ретке келтірді. Шара барысында ата-бабалар рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.
Имам Рүстем Мұратұлының айтуынша, мұндай сенбіліктердің мақсаты – ата-баба аманатына адал болу, жастарға өнеге көрсету және қоғамда тазалық пен имандылықты насихаттау.