Қарағанды облысы Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйытқы болуымен азират қорымында сенбілік ұйымдастырылды.
Шара аясында жергілікті жамағатпен бірге қорым басына барып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Қоршаған орта ретке келтіріліп, ата-баба рухына дұға бағышталды.
Имам Берік Алпысбайұлы:
«Бабалар аманаты – біз үшін қастерлі. Қорымға құрмет көрсету арқылы жастарға ізгі өнеге көрсетеміз», – деп атап өтті.
Жиналған қауым игі істің жалғасын тауып, дәстүрлі түрде өткізіліп тұрғанын құп көрді.