Center Image
IHSAN.KZ
Ақжал кентінде зират тазалығы ұйымдастырылды
Ақжал кентінде зират тазалығы ұйымдастырылды

Кезекті сенбілік шарасы Шет ауданына қарасты Ақжал кентінде өтті. Іс-шара барысында кенттегі зират аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Игі іске жергілікті мешіттің имамы Абильмашев Богдан Насырұлы ұйытқы болып, жамағат өкілдері белсене атсалысты. Қорым аумағы ретке келтіріліп, айналасы тазаланды.

Имам Богдан Насырұлы:
«Ата-бабамыздың рухына құрмет – ұрпаққа міндет. Қорымды таза ұстау арқылы біз жастарға өнеге көрсетеміз», – деп атап өтті.

Жамағат тұрғындары бұл бастаманың жалғасын табуына ниет білдіріп, алдағы уақытта да бірлесіп атсалысуға дайын екендіктерін жеткізді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz