Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінде қысқы дайындық жұмыстары жүргізіліп, мешіттің жылу жүйелері жаңартылды.
Игі іске мешіт имамы Мурсали Қаленұлының ұйытқы болуымен жамағат атсалысып, құлшылық үйінің қысқы маусымға сақадай сай болуы үшін бірқатар жұмыстар атқарылды.
Бұл шара жамағаттың жылы әрі жайлы жағдайда құлшылық етуіне мүмкіндік бермек.