Теміртау қаласының жаңа зиратының жолына қиыршық тас төселді. Бұл жұмыс тұрғындардың қатынауын жеңілдетіп, қорым аумағының абаттануына ықпал етті.
Іс-шара Теміртау қаласының орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен жүзеге асты. Жергілікті жамағат бұл бастаманы қолдап, алғыстарын білдірді.
Атқарылған игі іс зират мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеуді көздейді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі