Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлы Қарағанды облысының Бас имамы Естай Айтуғанұлының ұсынысы негізінде, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Шет ауданы Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінің имамы болып тағайындалды.
Нұржан Оңғарұлы «Бала қажы» мешітінде 18 жыл бойы діни қызмет атқарып, ұстаз, наиб имам болып еңбек етті. Бұл жылдары көптеген жандар исламға қадам басып, намаз үйреніп, діни білімдерін жетілдірді. Олардың арасынан имамдық қызметке жеткендері де бар.
Кейін ол Көкпекті ауылдық мешітінде 1,5 жыл имам болып қызмет етті. Оның ұйымдастыруымен мешіттің электр жүйесі жаңартылып, қажетті құрал-жабдықтар алынды, жаңа дәретхана салынды, ауласына асфальт төселді. Сондай-ақ 1,5 жыл ішінде мешітке толықтай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыл халқы мен ауыл әкімі имамды құрметпен шығарып салып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі