Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде жиналған жамағатқа қоғамдағы зиянды әдеттер жайында «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында уағыз айтылды.
Жастарға алаяқтық пен нашақорлықтан сақтану үшін білімді азаматтармен араласу, жақсы ортада жүруге тырысу қажеттігі ескертілді.
Сонымен бірге құмар ойындардан сақтану, ішімдікті қолданбау жөнінде кеңестер берілді.
Бұл уағыздың мақсаты – қоғамдағы жастарды жаман әдеттерден қорғап, дұрыс өмір салтын ұстануға шақыру.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі