Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінің жамағаты зират тазалау жұмыстарына атсалысты
«Ар-Рахман» мешітінің жамағаты зират тазалау жұмыстарына атсалысты

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің жамағаты республика көлемінде ұйымдастырылған «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты зират тазалау іс-шарасына қатысты.


Мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы бастаған жамағат қаладағы Жалаңтөс батыр зиратына барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ өткен марқұмдарға Құран бағыштап, дұға жасалды.

Бұл бастаманың мақсаты – мұсылман зираттарын таза ұстау, өткендерге құрмет көрсету және жамағат арасында имани жауапкершілікті арттыру.


«Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген халық даналығына сай, сауапты іске үлес қосқан барша жамағатқа алғыс білдірілді.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz