Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінің ұжымында жиналыс өтті. Жиын мешіттің бас имамы Орманбет Болатұлының ұйымдастыруымен өтті.
Басқосуда мешіттің ішкі тәртібі талқыланып, намаздарды өткізу кезекшілігі, ҚМДБ-ның талаптарына сай шапан, сәлде киюмен жүргізілетіні ескертілді. Сонымен қатар намаз уақытын қатаң қадағалау, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығына мән беру мәселелері айтылды.
Мешіт имамы жиналыс соңында қызметкерлерді бірлікпен еңбек етіп, асыл дініміздің дамуына үлес қосуға және өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі