«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің шәкірттерімен кездесу өтті.
Мешіттің дін қызметкері Мирас Ерланұлы жас буынға отбасының маңыздылығы туралы тағылымды ойлар айтып, «Отбасы құндылығы», «Әйел адамның отбасындағы рөлі» тақырыптары аясында насихат жасады.
Кездесу барысында шәкірттерге ата-анаға құрмет, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы мен әйел-ананың қоғамдағы, әсіресе отбасындағы орны түсіндіріліп, имандылыққа негізделген өнегелі тәлім берілді.