Center Image
IHSAN.KZ
«Ерімбет Ата» мешітінде салауат айтудан байқау ұйымдастырылды
«Ерімбет Ата» мешітінде салауат айтудан байқау ұйымдастырылды

Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентіндегі «Ерімбет Ата» мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай салауат айтудан сайыс ұйымдастырылды.


«Сағынышқа толы салауат» атты байқауға мектеп оқушылары қатысып, Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік пен құрметтерін жеткізді.


Жеңімпаздар мешіт ұжымы тарапынан марапатталды.


Бұл игі іс-шара жас буынның жүрегіне имандылық дәнін себуге және салауат айтудың мәнін түсіндіруге бағытталды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz