Қарағанды
қалалық «Төлеутай ата» мешітінде Мәуліт айының құрметіне арналған «Адамзаттың
асылы жүрегімде мәңгілік» атты рухани кеш ұйымдастырылды.
Игі шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері, өңірдің зиялы қауым өкілдері, мешіт жамағаты және қала тұрғындары қатысты.
Кеш аясында Алла Елшісінің (.а.с) өмірі мен өнегелі ғибраттары насихатталып, облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы мен «Әнет Баба» мешітінің ұстазы Сұлтан Аманжолов мәуліт оқыды.
Қонақтарға арнайы дастархан жайылып, ас ұсынылды.
Сонымен қатар, мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы рухани кешке жиналған жамағатқа қасиетті айда мешіт жамағатының атқарған ізгі амалдары мен жүзеге асырған игі шаралары жөнінде баяндап, есеп берді.
Іс-шара соңында мешіттің өркендеуіне, қайырымдылық пен ізгіліктің артуына үлес қосып жүрген жанашыр азаматтар мен демеушілерге құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тарту етілді.
Рухани кеш жамағаттың жүрегіне қуаныш сыйлап, Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.с) салиқалы өмірінен ғибрат алып, бірлік пен ынтымақты арттыра түсті.
ҚМДБ-ның
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі