Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті ұжымы қарттар үйіне зиярат жасады
Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті ұжымы қарттар үйіне зиярат жасады

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен қарттар күніне орай Әлихан Бөкейхан ауданындағы қарттар үйінде қайырымдылық шарасы өткізіліп, қарияларға құрмет көрсетілді.

Мешіт наиб имамы Дархан Түменбай кездесу барысында қарияларға жылы лебізін білдіріп, ұзақ ғұмыр, амандық тіледі.

Өз кезегінде мекеме басшылығы мен қариялар мешіт ұжымына көрсетілген ықылас пен құрмет үшін шынайы ризашылықтарын жеткізіп, мешіт жамағатына батасын берді.

Бұл игі шара – ардақты қарияларға құрмет көрсетіп, жастарға өнеге боларлық ізгі дәстүрдің жалғасы болып саналады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz