Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінің наиб имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы Қарттар күні қарсаңында қазыналы қарияларға дастархан жайып, құрмет көрсетті.
Кездесу барысында имам әсерлі уағыз-насихат айтып, «үлкенге құрмет – кішіге міндет» екенін атап өтті.
Сондай-ақ жасы үлкен, егделенген ақсақалдарға сый-сияпат жасалып, ізгі тілектер айтылды.
ҚМДБ Қарағанды облысының баспасөз қызметі