Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ӘЖЕЛЕР АРАСЫНДА ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ
ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ӘЖЕЛЕР АРАСЫНДА ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен Халықаралық қарттар күніне орай ақ жаулықты әжелер арасында Құранның «Мүлк» сүресін жатқа оқудан сайыс өтті.

Іс-шара аясында қарттарымыздың имандылыққа деген ықыласын арттырып, жастарға өнеге болатын тағылымды дәстүр қалыптастыру көзделді. Хадисте айтылғандай:
«Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар. Кім оны оқыса, Қиямет күні күнәсі кешірілмейінше, шапағат етуін тоқтатпайды. Ол – «Мүлк» сүресі» (Әбу Дәуіт).

Сайысқа төрелік еткен қазылар алқасының құрамында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболдықызы, Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызы және «Қажыбай қажы» мешітінің ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызы болды.

Нәтижесінде:
І орын – Укенова Ақыл Тұңғышбайқызы (50 000 тг)
ІІ орын – Жанұзақова Шұға Қаппанқызы (30 000 тг)
ІІІ орын – Балқаш қаласынан арнайы келген Медеубаева Жүзік Болатқызы (20 000 тг) иеленді.

Барлық қатысушы әжелерге мадақтама мен ынталандыру сыйлықтары табысталып, арнайы жайылған дастарханнан дәм ұсынылды.

Бұл тағылымды шара қарияларды құрметтеу мен Құранға деген сүйіспеншілікті дәріптеуді мақсат тұтты.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz