Center Image
IHSAN.KZ
«Адамзаттың асыл тәжі» атты сирадан интеллектуалды сайыс өтті
«Адамзаттың асыл тәжі» атты сирадан интеллектуалды сайыс өтті

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторына қарасты «Ханифа» қыздар даму клубының ұйымдастыруымен «Адамзаттың асыл тәжі» атты сирадан интеллектуалды сайыс өтті.

 

Алдымен Қарағанды  облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызы сайыстың мақсатына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Интеллектуалды додада үш топ бақ сынасты, атап айтқанда: «Мейірім», «Фирдаус», және «Ансарлар».

 

Сайыс үш кезеңнен тұрды:

Алғашқы кезеңде топтар өздерін таныстырды.

Екінші кезеңде «ұяшықтар ойыны» арқылы білімдерін сынға салды.

Үшінші кезеңде сирадағы оқиғаларды сахналық қойылым түрінде көрсетті.

 

Жарыс тартымды да тағылымды өтті. Қатысушылар пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен ғибрат алып, рухани құндылықтарды дәріптеді.

 

Сайыс соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталып, сүннетке сай бір-біріне де тарту жасалды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz