ҚМДБ-ның 2025 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран ұстаздары мен азаншылардың діни білімі мен кәсіби біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.
Бұқар Жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің жанындағы діни сауат ашу орталығында өткен бұл бір күндік семинарда Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бауыржан Мейірбекұлы дін қызметкерлеріне дәріс жүргізді.
Оқыту барысында Құранды дұрыс оқудың әдіс-тәсілдері, тәджуид ілімі, азан айту әдебі мен оның шариғаттағы орны жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, құран ұстаздарына Құран үйретудің тиімді жолдары, ұстаздың жауапкершілігі, мешіт қызметкерінің әдебі мен тәртібі кеңінен баяндалды. Дін қызметкерлерінің білімін үздіксіз жетілдіруі, имамдық және азаншылық міндетті кәсіби деңгейде атқаруының маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Семинар соңында қатысушылар тәжірибелік жаттығулар жасап, ұстаздардан әдістемелік кеңес алды.