Қарағанды облысы, Шет ауданы Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызы Қарттар күніне орай «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» тақырыбында рухани кеш ұйымдастырды.
Іс шара барысында ақ жаулықты әжелерімізге құттықтау сөздер айтылып, мерекелік көңілді басқосу өтті. Мешіт шәкірттері күй мен термелер орындап, әжелерге арнайы сыйлықтар табысталды.
Кеш соңында үлкендер ақ баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ Қарағанды облысының баспасөз қызметі