Қарағанды облысы, Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде ұстаздар күні мерекесіне орай «Мұқтасар» кітабының «Тазалық» бабына арналған сайыс ұйымдастырылды.
Мешіт ұстазы Асыл Көкешұлының ұйымдастыруымен өткен сайысқа мешіт шәкірттері мен жамағаты қатысты. Айта кетейік, сайысқа дейін шәкірттерге аталмыш кітап бойынша дәріс өткізілген болатын, бұл олардың білімін тереңдетуге және дінге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталды.
Дәріс соңында өткен сайыста үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер мешіт имамы Берік Алпысбайұлының арнайы алғыс хатымен және сыйлықтармен марапатталды.
Бұл іс-шара ұстаздарға құрмет көрсету мен шәкірттердің білімдерін шыңдауға арналған маңызды қадам болды.