Қарағанды облысы, Балқаш қалалық мешітінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы бойынша сайыс өтті.
Сайысқа мешіттің шәкірттері белсенді түрде қатысып, өздерінің білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сайыстың негізгі мақсаты – жастардың діни білімін жетілдіру, рухани дүниетанымын кеңейту және ізгі қасиеттерді дәріптеу болды.
Сайыс соңында Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлы қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, үздік өнер көрсеткен сайыс жеңімпаздарын марапаттады.
Жеңімпаздарға берілген сыйлықтар келесідей болды:
І орын иегері Ұмра қажылыққа жолдама;
ІІ орын иегеріне100 000 теңге;
ІІІ орын иегеріне 50 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Сондай-ақ, барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табыс етіліп, олардың еңбегі бағаланды.
Бұл іс-шара арқылы шәкірттердің рухани дамуына ерекше көңіл бөлініп, олардың ізгілікке, білімге деген ынтасы арттырылды.