Center Image
IHSAN.KZ
Балқашта имамдарға арналғар тұрғын үйдің іргетасы құйылды
Балқашта имамдарға арналғар тұрғын үйдің іргетасы құйылды

Қарағанды облысы, Балқаш қалалық мешітінің имамы Нұрболат Сейлханұлының бастамасымен, үй жалдап тұрып жатқан мешіт имамдарына қолдау ретінде  жаңа қызметтік үйлер салу жұмыстары қолға алынған болатын.

Бүгін Алланың қалауымен екі имамға арналған үйдің іргетасы құйылып, құрылыс жұмыстары басталды. 

Жоспар бойынша үйлер толықтай көктем мезгілінде аяқталып, имамдарға табысталады деп күтілуде.

Аталған бастама мешіт қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың қауымға қызмет көрсетуін қолайлы етуге бағытталған маңызды шара болып табылады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz