Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «БҰҚАР ЖЫРАУ» МЕШІТІНДЕ «ҮММЕТКЕ ҮЛГІ БОЛҒАН ӘЗ ПАЙҒАМБАР» АТТЫ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «БҰҚАР ЖЫРАУ» МЕШІТІНДЕ «ҮММЕТКЕ ҮЛГІ БОЛҒАН ӘЗ ПАЙҒАМБАР» АТТЫ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде қасиетті мәуліт айының құрметіне орай «Үмметке үлгі болған Әз Пайғамбар» атты рухани мәуліт кеші ұйымдастырылды.

Кешке ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, дін жанашырлары және мешіт жамағаты қатысты.

Рухани кеш қасиетті Құран аяттары оқумен бастау алып, ата-баба рухына дұға бағышталды.

Кеш барысында облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы мен «Әнет Баба» мешітінің ұстазы Бауыржан Мейірбекұлы мәуліт оқыды.  Алла Елшісінің (с.а.с.) өнегелі өмірінен насихаттар айтылды.

Кеш қызықты ойын-сұрақтармен жалғасып, жамағатқа«Мәуліт сыйы» үлестірілді.

Рухани мазмұнға толы кешке жиналған жамағат ерекше әсер алып, Мәуліт айының берекесін сезінді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz