ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Қарағанды қалалық «Төле би» мешітінің ұйымдастыруымен «Көңілдердің шырағы, мейірімнің бұлағы Мұхаммед» атты рухани мәуліт кеші болып өтті.
Игі шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері, өңірдің зиялы қауым өкілдері, мешіт жамағаты және қала тұрғындары қатысты.
Кеш аясында Алла Елшісінің (с.а.с) өмірі мен өнегелі ғибраттары насихатталып, облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы мен «Әнет Баба» мешітінің ұстазы Сұлтан Аманжолов мәуліт оқыды.
Одан кейін, облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Жүсіп Шұғайұлы екі дүние сардары, сүйікті пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір тарихына қатысты әсерлі уағыз-насихатымен бөлісті.
Рухани кеш барысында қонақтарға арнайы дастархан жайылып, ас ұсынылды.
Берекелі кеш жамағаттың жүрегіне қуаныш сыйлап, Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.с) салиқалы өмірінен ғибрат алып, бірлік пен ынтымақты арттыра түсті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі