ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы негізінде, мешіт істері бағыты бойынша ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен облыстық «Әнет баба» мешітінің шатыры күрделі жөндеуден өтіп, 34 000 000 теңге қаражат жұмсалды.
Ауқымды жұмыс «Polymer service» қызметтік компаниясының қолдауымен жүзеге асып, сапалы «АTTIКKA» құрылыс материялдары қолданылды.
Айта кетейік, облыстық бас мешіттің шатыры үлкен және кіші бөліктен тұрады. Соның ішінде үлкен шатыр толықтай жаңартылып, күрделі жөндеуді қажет еткен төрт мұнара қайта қалпына келтірілді.
Жөндеу жұмыстары аяқталған соң шатырдың сапасын тексеру мақсатында жасалған сынақ оң нәтижесін көрсетті.
Бұл шара мешіттің сәулеттік келбетін сақтап қана қоймай, ұзақ мерзімділігі мен беріктігін арттырды.
Айта кетейік, облыстық «Әнет баба» мешіті 2011 жылдан бері жамағатқа қызмет етіп келеді.
Содан бері алғаш рет шатырына осындай ауқымды жөндеу жұмыстары жасалып отыр.