Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде дін мен дәстүр бағыты аясында қазақтың салт-дәстүрін жаңғырту мақсатында «Тоқымқағар» іс- шарасы өтті.
Шараның мақсаты – халқымыздың ұмыт бола бастаған игі дәстүрлерін насихаттап, жастарға рухани және тәрбиелік мәнін түсіндіру. Іс-шара барысында ер баланың алғаш атқа міну рәсімі өтті.
Бұл дәстүр – баланың азаматтық жолға қадам басуының белгісі болып, ер жетіп, жауапкершілік алуға баулитын тәрбиелік мәні зор салт.
Шара барысында мешіт наиб имамы Әсет Наурызбайұлы балаға ақ батасын беріп, баланың жолы ашық, мінезі көркем, елге пайдалы азамат болуын тіледі.