Балқаш қалалық мешітінде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда мешіттің дәретханасына жылы еден төселіп, жамағаттың қолайлы жағдайда дәрет алуына мүмкіндік жасалуда.
Сонымен қатар, қысы-жазы жылы сумен қамтамасыз ету мақсатында су жылытқыш бөшкелер орнатылмақ. Бұл жаңартулар – жамағаттың жайлылығы мен мешіттің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған игі қадамдардың бірі.
«Жаны саудың – тәні сау» демекші, мешітке келушілердің еш қиындықсыз дәрет алып, уайымсыз құлшылық етуіне жағдай жасау – ізгі істің көрінісі.