Кездесу барысында «Жат ағым жарға жығады» тақырыбы қозғалды.
Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев ұстаздар қауымына дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға тигізетін теріс ықпалы мен олардың белгілері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, имам дін мен дәстүрдің сабақтастығын сақтаудың маңызына тоқталып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу – жастарды теріс идеологиядан қорғаудың негізгі жолдарының бірі екенін атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар өз көкейіндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты.