Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда «Аталар мектебі» ақсақалдар кеңесінің басқосуы өтті
Теміртауда «Аталар мектебі» ақсақалдар кеңесінің басқосуы өтті

Теміртау қаласындағы «Grand Hall Temirtau» мейрамханасында «Аталар мектебі» бағыты аясында Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің ақсақалдарымен кездесу өтті.

Дін мен дәстүр құндылықтары сабақтасқан іс-шараның мақсаты – аға буын өкілдерінің қоғамдағы рөлін арттыру, жастар тәрбиесіндегі ақсақалдардың өнегелі сөзін насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.

Кездесу барысында Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов, қалалық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің бас имамы Ақниет  Темурбаев және Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жандос Хушкелдиев сөз сөйлеп, ақсақалдарға ізгі лебіздерін білдірді.

Шара соңында ақсақалдар ел бірлігі мен жастардың имандылық тәрбиесі жөнінде пікір алмасып, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сыйластықтың маңызын атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz