Қарағанды қаласындағы «Нәтиже-тәтті» ЖШС Кондитерлік өнімдеріне айлық аудит жұмыстарын жүргізді.
Бақылау-қадағалау шараларына ҚМДБ-ның «Халал Дамудың» бірқатар сарапшы технолог мамандары Омарова Айжан, Сапарова Жанар, Мусин Айтмұхан және «Халал Дамудың» Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Асқаров арнайы қатысты.
Кезекті тексеріс барысында кәсіпорын өнімнің өндірілуінен бастап, дүкен сөрелеріне жеткізуіне дейінгі барлық процесс толықтай қадағаланды.
Дайын өнімдердің сақталуы, тасымалдануы, жеткізуші техникалық құралдардың халал стандартқа сәйкестігі, сату алаңдарында бірыңғай халал өнімдердің орналасуы, қызметкерлердің стандарт талаптарын сақтауы, санитарлық-тазалық мәселелері тексерілді.
Бақылау – қадағалау жұмыстары барысында кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттарын сақтау маңызды екені түсіндірілді. Сонымен қатар, тұтынушылардың халал өнімдеріне деген сұранысының артып келе жатқанын және бұл жағдайдың жауапкершілікпен қарауды талап ететінін атап өтті.
Қорытынды акт бойынша, «Нәтиже-тәтті» ЖШС Кондитерлік өнімдерінде бекітілген стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады.
ексеріс оң нәтижені көрсетті. Аталған кәсіпорын шариғатқа сай рұқсат етілген өнімдерді ғана қолданып, халал стандарт талаптарын толықтай орындайтыны анықталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі