Center Image
IHSAN.KZ
Нұра аудандық мешіті мұқтаж жандарға қайырымдылық жасады
Нұра аудандық мешіті мұқтаж жандарға қайырымдылық жасады

Қарағанды облысы Нұра аудандық мешітінде игі дәстүрге айналған қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.


Бұл жолы мұқтаж жандарға 20 қап картоп таратылып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты қарияларға және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді.


Іс-шара мешіт ауласында дін қызметкерлері мен кәсіпкердің бірлесе атқарған ісі нәтижесінде жүзеге асты.


Қайырымдылық — халқымыздың қанында бар асыл қасиет. Осындай игі істер қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайта түсетіні сөзсіз.


Мешіт ұжымы атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіріп, Алла Тағаладан жасаған жақсылықтарының еселеп қайтуын тіледі.


Сонымен қатар игі іске қолдау білдірген кәсіпкер Әбілда Бекболат Жанғазыұлына алғыс айтылды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz