ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызы және «Дін мен дәстүр» бағытының ұйымдастыруымен «Қазыналы қарттарым аман болсын» атты рухани шара өтті.
Іс-шара облыстық «Әнет баба» мешітінің «Дін мен дәстүр» бөлмесінде ұйымдастырылып, ақжаулықты әжелердің құрметіне берекелі дастархан жайылды.
Мешіт ұстазы Әйгерім Берікболқызы әжелер қауымына жылы лебізін білдіріп, тағылымды насихатын айтып, сыйлықтар мен қызыл раушан гүлдерін тарту етті.
Сондай-ақ, «Дін мен дәстүр» бағытының меңгерушісі Бақжәулет Қыдырбайұлы қарияның қадірі мен өнегелі өмірі жайлы уағыз-насихат жүргізіп, жиналғандарға рухани тағылым берді.
Шара соңында әжелер қауымы ұстаз Әйгерім Берікболқызына ризашылықтарын білдіріп, камзол кигізіп, ақ тілектерін арнады.
Кездесу ақ батамен түйінделіп, қатысушылар шарадан рухани әсермен тарқасты.