Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылында «Ішімдіктен бас тартқан ауыл» атты жоба қолға алынды.
Аталған іс-шара барысында ауылдық «Ғизат қажы» мешітінің имамы Ерлан Орынбай ауылдағы сауда орындарын аралап, ішімдік сату мәселесіне қатысты уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, имам ауыл кәсіпкерлерімен кездесіп, адал ас сатуға, халал өнім өндіруге және саудада шариғат талаптарын сақтауға шақырды.
Бұл бастама — қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруды, ауыл тұрғындарын зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға үндейтін игі әрі өнегелі іс-шара болып табылады.