ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі QH облыстық оңалту орталығындағы ем қабылдап жатқан 100 бүлдіршінге қуаныш сыйлады.
Қайырымдылық іс-шарасы аясында қордың Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы орталықтағы балалармен кездесіп, оларға өзінің ыстық ықыласын білдіріп, Жаратушыдан шипа тіледі.
Сондай-ақ, балаларға түрлі тәттілер, жеміс-жидектер және ойыншықтар тарту етілді.
Игі істі ұйымдастырған дін қызметкерлеріне орталықтың қызметкерлері мен ата-аналар қауымы шексіз алғыстарын білдіріп, осындай қайырымдылық шараларының балаларға ерекше рухани демеу болатынын атап өтті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі