Center Image
IHSAN.KZ
Ақадырда «Жақсы келін – ырысым» атты іс-шарада келіндер сайысты
Ақадырда «Жақсы келін – ырысым» атты іс-шарада келіндер сайысты

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде әйел ұстаз Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен «Жақсы келін – ырысым» атты тағылымды іс-шара өтті.


Іс-шара барысында сайысқа қатысушылар таныстырылып, ұлттық тағамдар әзірлеп, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беріп, ұлттық тәрбиенің маңызын айқындай түсті.


Іс-шара соңында жүлделі І, ІІ, ІІІ орындар иегерлері анықталып, барлық қатысушылар «Инабатты келін», «Тапқыр келін», «Сабырлы келін», «Өнерлі келін», «Көрікті келін» сынды номинациялармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz