«Бала қажы» мешітінде имам Нуров Махмудқажы Нурұлы жамағатқа уағыз айтты.
Қарағанды қаласындағы «Бала қажы» мешітіне жиналған жамағатқа мешіттің имамы Нуров Махмудқажы Нурұлы «Дүние – ақырет егістігі» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Уағыз барысында имам бұл дүниенің сынақ мекені екенін, ал ақырет – мәңгілік өмірдің бастамасы екенін түсіндірді. Сонымен қатар ақыретте мол сауапқа кенелу үшін бұл өмірде үнемі сауапты амалдар жасап отырудың маңыздылығын атап өтті. Имам жамағатты адамды сауаптан тыятын дүние істерінен сақ болуға, шариғатқа сай өмір сүруге шақырды.
Жамағат имамның насихатын ұйып тыңдап, уағыз соңында көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Кейіннен жамағатпен бірге жамағаттық намаз оқылып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін арнайы дұға жасалды.
Жамағат рухани әсермен тарқасты.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі