Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде ақида дәрістері басталды
«Төлеутай ата» мешітінде ақида дәрістері басталды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жамағаттың діни білімін арттыру мақсатында ақида пәнінен дәрістер басталды.

Дәрісті  мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы жүргізуде. Сабақ барысында ақида iлімінің маңызы, мұсылманның сенім негіздері мен Алла Тағаланы тану мәселелері кеңінен түсіндірілуде.

Имамның айтуынша, ақида ілімін үйрену – діннің түпқазығын дұрыс түсінудің және Аллаға шынайы иман келтірудің басты шарты. Дәріс арқылы жамағат дін негіздеріне қатысты білімдерін жүйелей алады.

Аталған дәріс апта сайын өтіп, қатысушыларға сұрақ қойып, талқылауға мүмкіндік беріледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz