Саран қалалық мешітінде Құран тәжуиді сабақтары тұрақты түрде өтіп жатыр.
Қасиетті Құран – күллі адамзатқа түскен ең ұлы мұғжиза, жүрекке нұр, санаға сәуле, өмірге бағдар. Ал оны дұрыс, көркем әрі мағынасын терең түсініп оқу – әрбір мұсылманның басты борышы.
Осы бағытта Саран қалалық мешітінде жамағатқа арналған Құран тәжуиді дәрістері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Дін мен білімді ұштастыра білген ұстаз Руслан Сләмқұлұлы шәкірттерге Құранды дұрыс оқудың қыр-сырын үйретіп, әріптердің махражы, оқудағы нақыш пен әуезділік, тәжуид ережелерінің мән-мағынасы секілді тақырыптарды жан-жақты түсіндіреді.
Мешітке келуші жамағат үшін бұл сабақтар — рухани дамуға, Құранмен етене жақындасуға берілген үлкен мүмкіндік. Тәжуид сабақтары арқылы жүректер нұрланып, иман нығаюда.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі