Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған діни сауат ашу дәрістері тұрақты түрде жалғасуда.
Дәрістерді мешіт ұстазы Гүлнар Қидырманова жүргізіп, шәкірттердің діни сауатын ашуда. Бағдарлама аясында шәкірттерге «Құран оқып үйренейік», «Ақида», «Фиқһ» пәндерінен сабақтар өтіледі.
Аталған дәрістердің басты мақсаты — әйел жамағатының діни білімін жетілдіру, Құран оқуды үйрету, мұсылман әйелдің әдебі мен шариғаттағы орны туралы түсініктерін кеңейту.