Қарағанды облысы Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен аудандық спорт мектебінің басшылығымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Аталған келісім аясында мешіт жастары мен шәкірттері апта сайын екі мәрте аудандық спорт мектебінің спорт залында дене шынықтырумен айналысып, баскетбол, волейбол сынды ойын түрлерінен жаттығулар өткізеді.
Бұл бастаманың негізгі мақсаты — мешіт жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау, денсаулықты нығайту, сондай-ақ дін мен спорттың үндестігін насихаттау болып табылады.
Имам Берік Алпысбайұлының айтуынша, спортпен айналысу — жас ұрпақтың тәртібі мен төзімділігін арттырып, қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.
Шараға қатысып жүрген жастар бастаманы қуана қолдап, тұрақты түрде спортпен шұғылдануға ниет білдіруде.