Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінің ауласына 17 түп шырша отырғызылды
«Бала қажы» мешітінің ауласына 17 түп шырша отырғызылды

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлының ұйытқы болуымен мешіт аумағына 17 түп шырша ағашы отырғызылды.

Бұл игі іс табиғатты қорғау, қоршаған ортаны көркейту және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беруді мақсат етеді. Мешіт ұжымы мен жамағаты атсалысып, аула тазалығына және көгалдандыру жұмысына белсенді түрде қатысты.

Айта кету керек, «Бала қажы» мешітінде көгалдандыру мен абаттандыру ісі тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта да мешіт аумағына әртүрлі тал-көшеттер отырғызу, гүлзарлар көбейту және айналаны көркейту жұмыстары жалғасын табады.

Имам Махмуд қажы Нұрұлы бұл бастаманың тек табиғатты қорғауға емес, жамағаттың бірлікпен сауапты іске жұмылуына мүмкіндік беретінін атап өтті.




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz