Center Image
IHSAN.KZ
«Қамзе» мешітінде «Көркем мінез иесі Әз-Мұхаммед (ﷺ) атты рухани мәуліт кеші өтті
«Қамзе» мешітінде «Көркем мінез иесі Әз-Мұхаммед (ﷺ) атты рухани мәуліт кеші өтті

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Сұрыптау кенті  «Қамзе» мешітінде «Көркем мінез иесі Әз-Мұхаммед» атты рухани мәуліт кеші өтті.

Сұрыптау кенті  «Қамзе» мешітінің имамы Думан Қамариденұлының ұйымдастыруымен өткен рухани кешке  дін қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, дін жанашырлары және мешіт жамағаты қатысты.

 Берекелі кеш алдымен қасиетті Құран аяттарын оқумен бастау алып, ата-баба рухына дұға бағышталды.

 Одан кейін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы алғы сөз алып, жиналған қауымға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының құттықтауын жеткізді.

Сонымен қатар, облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Жүсіп Шұғайұлы Алла Елшісінің (с.а.с.) өнегелі өмірінен насихаттар айтты.

Кеш барысында облыстық «Әнет Баба» мешітінің ұстазы Бауыржан Мейірбекұлы мәуліт оқыды.

Кеш қызықты ойын-сұрақтармен жалғасып, жамағатқа«Мәуліт сыйы» үлестірілді.

Рухани мазмұнға толы кешке жиналған жамағат ерекше әсер алып, Мәуліт айының берекесін сезінді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz