Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен уағыз-насихат өтті.
Іс-шарада мешіт ұстазы «Әйел адам – отбасының ұйытқысы» тақырыбында тағылымды уағыз айтып, зорлық-зомбылықтың алдын алу жайында түсіндірме жасады. Сондай-ақ отбасы құндылықтарын сақтау мен әйелдің қоғамдағы рөлі туралы кеңінен баяндады.
Жамағат өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, рухани әсерге бөленді.
Кездесу соңында дұға жасалып, қатысушыларға ізгі тілектер айтылды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі