Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде фиқһ дәрістері басталды
«Нұр» мешітінде фиқһ дәрістері басталды
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен «Мухтасар әл-Қудури» кітабынан фиқһ дәрістері басталды. Алғашқы дәріс «Нұр» мешітінде өтіп, оған мешіттің шәкірттері мен жамағаты қатысты.

Дәрісті Саран қалалық мешітінің ұстазы Әбділ Талғат Кенжебайұлы жүргізді. Ол шәкірттерге исламдағы фиқһ ілімінің маңызы мен «Мухтасар әл-Қудури» еңбегінің ерекшеліктері туралы түсіндіріп, практикалық мәселелерге тоқталды.

Аталған сабақтар діни білімді тереңдетуге және шәкірттердің шариғат ілімдерін жүйелі меңгеруіне бағытталған. Дәрістер тұрақты түрде жалғасын табады деп жоспарланып отыр.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz