Қарағанды облысы, Шет аудандық мұражайында 18 қазан – Рухани келісім күніне орай студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шет аудандық агро-техникалық колледжінің студенттері қатысып, рухани келісім мен татулықтың қоғамдағы маңызы туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.
Кездесу барысында Шет аудандық “Жанқұтты би” мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы жастарға имандылық, өзара сыйластық, бейбітшілік пен бірлік тақырыптарында уағыз-насихат айтып, рухани құндылықтардың қоғам өміріндегі рөліне тоқталды.
Сонымен қатар студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, дін мен дәстүрдің байланысы, жастардың жауапкершілігі мен өмірлік ұстанымы жөнінде ойларымен бөлісті.