Абай аудандық кітапханасында 18-қазан – Рухани келісім күніне орай мектеп оқушыларымен танымдық кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы татулық пен өзара сыйластықтың маңызын дәріптеу, жас ұрпақтың бойында рухани құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.
Кездесуге Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев және аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты.
Шарифулла имам өз сөзінде рухани келісімнің ел бірлігі мен тұрақтылықтың негізі екенін атап өтіп, жастарды татулықты, мейірімділікті және ізгілікті ту етіп ұстауға шақырды.
Іс-шара соңында оқушылар мен қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, қойылған сұрақтарға жауап алды.
Кездесу жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады.