Қарағанды облысы Шет ауданы Саран қаласы Ақтас кентіндегі «Ерімбет ата» мешітінде тәжуид ілімі бойынша тұрақты дәрістер өтіп келеді. Құранды дұрыс оқып, тәжуид қағидаларын меңгеруге бағытталған бұл сабақтарға жамағаттың қызығушылығы жоғары.
Игі бастаманың ұйытқысы — ұстаз Руслан Сләмқұлұлы. Ол шәкірттерге Құран оқу ережелерін терең түсіндіріп, әріптердің дұрыс айтылуына ерекше мән береді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі