ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен және Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен «Жылу сыйла» атты қайырымдылық акциясы жүзеге асты.
Игі іс-шара аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 3 тонна көмір түсіріліп, материалдық көмек көрсетілді. Бұл акцияның басты мақсаты – қыс маусымында мұқтаж жандарға жылу мен қуаныш сыйлау.
Бұл бастамаға Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы қатысып, қайырымдылыққа үлес қосқан барша жомарт азаматтарға ризашылығын білдірді.
Осындай игі амалдар қоғамда мейірім мен бауырмалдықтың артуына себеп болары сөзсіз. Алла Тағала қайырымдылық істерімізді қабыл етсін!
ҚМДБ Қарағанды облысы қкілдігінің баспасөз қызметі